Актюбинская область

«Үйге баруға қорыққан»: Ақтөбеде мектепте электронды темекімен ұсталып қалған 6-сынып оқушылары жоғалып кетті

Ақтөбеде мектепте электронды темекімен ұсталып қалған 6-сынып оқушылары ата-анасынан қорқып, үйіне бармай қойған. Кейін алаңдаған жақындары балаларға іздеу салды деп хабарлайды  ИА «NewTimes.kz» .

 

Мектепте мұғалімдер ұлдардан электронды темекі тауып алған. Осыдан кейін балалар ата-анасының қаһарынан қорқып, оқудан үйге қайтуға жүрексінген.

«3 сәуір күні сағат 21:40-та Ақтөбе полициясына екі алтыншы сынып оқушысының ата-анасы хабарласты. Айтуларынша, балалар сабақтан кейін үйлеріне оралмаған. Мұғалімдер балалардың мектепке электронды темекі әкелгенін және жазадан қорқып, бармай қалуы мүмкін екені анықталды», – деп хабарлады ІІМ.

Іздеу топтары «Зелло-Поиск» командасының еріктілерімен бірге жоғалған балаларды іздеуге кірісті. Олардың болуы мүмкін барлық орындар тексерілді.

5 сағаттан кейін балаларды ювеналды полиция қызметкерлері орталық базар маңынан тауып, ата-аналарына тапсырды.

Другие новости

Back to top button