Выбор редакции
Үйде жалғыз өскен балалар бақытты әрі психикалық тұрғыда сау болады — зерттеу

Үйде жалғыз өскен балалар психикалық тұрғыда әлдеқайда тұрақты, ақыл-есі жақсы дамыған әрі шығармашылық қабілеттері жоғары. Бұл тұжырым Қытай ғалымдарының қатысуымен жүргізілген жаңа зерттеуде айтылған. Нәтижелер Nature Human Behavior ғылыми журналында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЗЕРТТЕУГЕ ҚАТЫСҚАНДАР
Зерттеуге Қытайдан шыққан ғалымдар тобы қатысып, 18 бен 30 жас аралығындағы 7 186 адамның деректерін жинаған. Олардың ішінде әрі жалғыз өскендер, әрі бірнеше баласы бар отбасынан шыққандар болды. Зерттеу барысында:
- Миды сканерлеу
- Мінез-құлықты бағалау
- Әлеуметтік-экономикалық жағдай мен балалық шақтағы психологиялық жарақаттарға қатысты анкеталар қолданылған.
ЖАЛҒЫЗ ӨСКЕН БАЛАЛАР
Зерттеу нәтижесінде жалғыз өскен балалардың:
• Психикалық денсаулығы жақсырақ,
• Жады (есте сақтау қабілеті) мықты,
• Тілдік дағдылары жоғары екені анықталған.
Бұған қоса, бұған дейінгі зерттеулерді саралай отырып, ғалымдар мұндай балалар өміріне көбірек қанағаттанатынын, ашық әрі шығармашыл келетінін айтты. Сонымен қатар, олардың импульсивтілігі төмен, қоғамның ойымен сирек санасатынын айтты.