Ақша

«Ұят болады»: қазақстандықтар неге туыстарына несие алып беріп, оны өздері төлеп жүр

«Қарызсыз қоғам» жобасы Қазақстанда көп кездесетін мәселе – таныстары мен туыстарына несие алып берген азаматтардың жағдайын айтып, халыққа ақыл-кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан қоғамында туыстар арасында әдетте сенімді қатынастар орнаған. Қан арқылы жақын адамдар бір-біріне көмектесуге тырысады, оның ішінде материалдық көмек көрсетеді: қарызға ақша береді, туысының өтініші бойынша несие рәсімдейді. Бір жағынан, бұл отбасы қатынастарын нығайтады. Екінші жағынан, оларға зиян тигізуі мүмкін. Себебі әр адам қаржылық жауапкершілікті сезініп, қарызды уақытында төлей алмайды. Егер осындай жағдаймен бетпе-бет келген болсаңыз, «Қарызсыз қоғам» жобасы бірнеше кеңес ұсынады», — деп хабарлайды жобаның баспасөз қызметі.

Мәселен, дереккөзге сүйенсек, Алматы тұратын 24 жастағы Азамат (аты өзгертілген) бала кезден бері бірге келе жатқан досының өтініші бойынша өз атына бірнеше несие рәсімдеген. Досы бизнес ашпақ болғанымен, ақшасы жетпеген екен.

«Алайда ақшаны алғаннан кейін досы ізім-ғайып жоғалып, Азаматтың мойнына талай қарызын іоіп кеткен. Азамат досы үшін банктерден 2,8 млн теңге несие алған, оның үстіне, микроқаржы ұйымдарынан бес несие алған.  Ай сайын ол өз қалтасынан 240 мың теңге  несие төлеген», — деп жазады жобаның баспасөз қызметі.

Ай сайын мұндай несие төлеу Азаматқа салмақ салып, ақыры оның банктер алдындағы несиесін төлеу үшін ата-анасы көмектесе бастаған. Азамат «Қарызсыз қоғам» ұйымына жүгініп, көмек алған.

«Ең бірінші біз екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына реструктуризация (ай сайынғы төлемді төмендету – ред.) туралы өтініш беруге көмектестік. Микроқаржы ұйымдары өтінішті қарап, соның арқасында Азаматтың ай сайынғы төлемі 150 мың теңгеге дейін төмендеді», — дейді жоба қаржы сарапшысы Гүлбахыт Жолдасбекова.

Сондай-ақ Азамат несие берешегінің бір бөлігін бірден жауып тастады. Ал, жас жігіт енді құқық қорғау органдарына арыз жазуды жоспарлап отыр.

«Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы Жанна Омарова өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, «сенгіш» адамдардың көбі ауыл тұрғындары болатынын айтады. Бір кездері оны Қызылорда облысының шалғай ауылына жібергенде, сол ауылдың жартысы бір адамның өтініші бойынша несие алғанын айтып берген.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел адам олардың сеніміне кіріп, әрқайсысына онлайн-несие рәсімдеп, ақшаның бір бөлігін өз қалтасына басқан. Бастапқы екі айда несиесін өзі төлеген әлгі келіншек соңында төлемін тоқтатқан.

«Дәл осы ауылдың тұрғындарының көбі осылайша қарызға батты. Бір-бірін танитын ауыл адамдары көбіне бұндай мәселесі айтқысы келмейді, өйткені, «ұят болады», — дейді Жанна Омарова.

Қаржы сарапшысы зардап шеккен ауыл тұрғындарын несие беру туралы тыйым салуға шақырып, барлық шағымданушыларға қиындық туғызған әйелмен әңгімелесіп, оның қылмыс жасап жатқанын түсіндірген. Заңгер Альфия Баксенова кім сұраса да, банк қарызды несие алған адамнан ғана сұрайтынын айтып отыр. Бірақ, заң органдарына жүгінсе, әділдік орнатуға болады.

«Азаматтық заңнама аясында біреудің есебінен негізсіз баю туралы бап бар. Себебі, алынған ақшаны бір адам екінші адамға аударған. Біз оны сол түбіртекті тауып, сізден бұл ақшаны алғанын дәлелдеуге көмектесуді сұраймыз. Сотта бұл сіздің оған берген ақшаны өндіруге мүмкіндік береді», — дейді Баксенова.

Айта кетейік, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Қазақстан азаматтары проблемалы несиелер бойынша тегін заңгерлік кеңес ала алады және қаржылық сауаттылық сабақтарына қатыса алады. Қосымша ақпаратты Qogamfin.kz сайтынан оқуға болады.

Другие новости

Back to top button