Главное

Үй шаруасын істеймін деп Instagram-да екі оқырманынан айырылған келіншек күйеуін сотқа берді

Үндістанда тұратын Ниша есімді блогер әйел Instagram-да екі оқырманы азайып қалғандықтан әйелдер полициясына барып, күйеуінің үстінен арыз жазған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Independent сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, ерлі-зайыпты Нойда қаласында өмір сүрген. Әйел Instagram-да блог жүргізіп, күніне екі reels жүктеп отырған. Алайда, күйеуі оған әлеуметтік желіден бөлек, отбасы мен үй шаруасына көбірек көңіл бөл деген.

Желідегі видеолары азайған соң Нишаның екі оқырманы оның парақшасынан «шығып» кеткен екен. Осыған қынжылған блогер әйел киім-кешегін жинап, ата-анасы тұратын басқа қалаға кетіп қалған. Сол қаладағы әйелдер полициясына барып, күйеуінің үстінен арыз жазған.

«Оқырмандарымның азайғанына күйеуім кінәлі. Өйткені, ыдыс-аяқ жуып, үй жинаған әйелдің контент түсіруге мұршасы жетпейді. Күйеуім осыларды істеткен соң видео түсіруге уақыт қалмады», — деп жазған әйелдің сөздерін Deccan Herald.

Құқық қорғау органдары ерлі-зайыптыға бірнеше рет кеңес беріп, сөйлескен. Содан кейін Ниша арызын қайтып алған. Ресми түрде күйеуін кешіргенімен Ниша үйіне әлі оралмапты.

Бұл оқиға Үндістанның бұқаралық ақпарат құралдарында резонанс тудырды. Халық жеке өмір, мансап пен әлеуметтік желіні пайдалану уақытына қатысты пікірлерін қарша боратып жатыр.

Другие новости

Back to top button