ИнтервьюСоциум

«Уақыт өте келе етің өліп кетеді»: боди массаж жасайтын адам қыздарға ақыл айтты

Боди массаж жасайтын кейіпкер алғашқы кездегі психологиялық қиындықтары туралы YouTube-арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сөз басында күйеуімен ажырасып кеткен соң бастапқыда қызық көріп, кейінірек ақша тауып, баласы екеуі күнін көру үшін Алматыдағы көп салондардың біріне боди массаж жасайтын адам болып жалданғанын айтты.

«Бодиға алғаш шығып жүрген кездері психологиялық жағынан қиын болды. Душқа түсіп, айнаға қарап тұрып, «Сен, не істеп жүрсің? Сен кімсің? Қарашы, не болып тұрсың. Қазір ғана біреудің үстіне сырғанадың. Енді мына денеңмен үйдегі балаңды қалай ұстайсың? Қалай құшақтайсың?» деп сұрақ қойып, денемді тырнап, шашымды жұлып тастаған кезім болды.

Уақыт өте келе етің өліп кетеді екен, бірақ жүрегің кірлене береді. Түптің түбінде ішің бос, қуыс кеуде болып қаласың. Жас қыздарға айтарым, мұндай лас жолға келмеңіздер. Өзіңді ең төмен сатыдағы адам сезініп жүресің.

Бұл салада ажырасқан әйелдер көп жүреді», — дейді бетін бүркемелеп сұхбат берген кейіпкер.

Сөзінің соңында қазір бұл салада жұмыс істемейтінін, сүйіктісі бар екенін айтты.

Другие новости

Back to top button