ГлавноеНур-Султан
Тұтқындарды босату, жоғалғандарды іздеу: Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесу өтеді
Астана процесі аясында Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу өтеді. Талқыланатын мәселелердің қатарында босқындардың отанына оралуы, кепілге алынғандарды босату, аймақтағы қазіргі жағдай және т.б. бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу Астанада келесі аптаның басында – 11-12 қараша күндері өтеді.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, іс-шара алаңында делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өткізіледі. Олардың қорытындысы бойынша пленарлық отырыс болады.
Кездесудің күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
- Сирия айналасындағы өңірлік ахуалдың дамуы;
- САР-да жан-жақты реттеу бойынша күш-жігер;
- Сириядағы «жергілікті» жағдай;
- Сенім шаралары, оның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу;
- Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.