Главное
«Тұрмысқа шыққаны дұрыс шығар…»: Назым Қызайбайдың әкесі қызының болашағына алаңдады
Париж Олимпиадасында бокстан қола жүлдегер атанған Назым Қызайбайдың ата-анасы оның отбасы құрғанын қалайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Назым 2028 жылы өтетін Лос-Анжелестегі Олимпиада ойындарына қатыса ма?» деген сұраққа боксшының әкесі «Қызым алдағы уақытта тұрмысқа шықса» деген тілегін айтты.
Анасының айтуынша, Назым Қызайбай боксқа жастайынан қызыққан, жетінші сыныбынан бастап спорт мектебінде оқыған.
«Олимпиада ойындарына қатысу өзінің арманы болатын. Қытай қызынан жеңілсе де, қола медаль алды, шүкір. Бара салып жеңіліп қалса, қиын болар еді. Қазағымыздың туын жебіретіп жүре берсін», — деді боксшының анасы.