ГлавноеГосорганы

«Түрмелер толып тұр»: Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейтіні әлі анықталмай жатыр (ВИДЕО)

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың қай түрмеге орналасатынын айта алмады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қожаевтың айтуынша, Қуандық Бишімбаев сот үкімімен келіспей, шағым түсіріп жатыр. Сондықтан, әлі тергеу изоляторында отырады.

«Ол кісі өзіне қатысты шыққан үкімге шағым түсіріп жатыр. Сол себепті тергеу изоляторында отыр. Су тасқынына байланысты біз бірнеше колонияны басқа өңірлерге көшірдік. Кейбір түрмелер толып қалған. жоқ. Сондықтан, дәл қазір Бишімбаев нақты  түрмеге барады деген сұраққа  жауап бере алмаймын», — деді Қожаев.

Другие новости

Back to top button