Главное

Түрмеден шыққандарға жәрдемақы беріледі

Астана қаласындағы №3 түзету мекемесінен 7 адам босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап.

15 мың адамға рақымшылық жасалады

Рақымшылыққа іліккендердің қатарында шетел азаматы да бар. Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтарды босату биылғы амнистия туралы жарлық аясында жүзеге асты.

Бостандыққа шыққан азаматтарға қажетті құжаттар табысталып, әлеуметтік және құқықтық бейімделу бойынша кеңес берілді.

«Сонымен қатар қажет болған жағдайда медициналық және әлеуметтік қызметтерге жолдама ұсынылды», — деп атап өтті телеарна.

Енді Конституция күніне орай 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады.

Жәрдемақы алуға болады

«Түзету мекемелерінен босап шыққан сотталғандарға Астана қаласының әкімдігінің мансап орталығы жұмысқа шақырады. Шыққан беттен бізге келіп, 15 АЕК жәрдемақы алуға болады», — дейді «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ халықтың әлеуметтік осал топтармен жұмыс бөлімінің маманы Ақшолпан Асанова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, түзету мекемелерінде жұмыс істеген болса, 6 айға дейін жәрдемақы алуға болады.

«Біз мамандық бойынша жұмыс ұсынамыз. Ресми түрде жұмысқа орналастырамыз, ал мамандықтары жоқ болса, 4 айлық курстарға жолдаймыз», — деп түйіндеді Асанова.

Другие новости

Back to top button