ГлавноеЖетысуская область

Түрмедегі «махаббат»: Жауғашты түрмесіндегі күзетшілер сотталған әйелдермен жыныстық қарым-қатынасқа түсе ме

Жетісу облысы бойынша ҚАЖД әйелдерді зорлау фактілерін жоққа шығарды

Сотталған әйелдерді түрме қызметкерлері зорлайды. Адвокат Айман Омарова жуырда осындай мәлімдеме жасады. Ол Бас прокуратурадан зорлау оқиғасын түбегейлі тексеруді сұрады. Оның сөзінше, Алматы облысында әйелдерді қылмыстық-түзеу жүйесі мекемелерінің қызметкерлері үнемі зорлап отырған. Құқық қорғаушы, тіптен түрмеде Наргиз Амраева есімді жазасын өтеуші әйелдің зорлыққа ұшырап, босанғанында мысалмен келтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Берік Ноғайұлы, мен сізге бір маңызды сұрақ қойғым келеді. Сіз махаббатқа сенесіз бе? Алматы облысындағы түрмелердегі әйелдерге жыныстық қатынасқа түсуге, зорлауға немесе әйелдермен кездесулер ұйымдастыруға мәжбүр болған кезде, оны махаббат бар деп санайды. Егер оны танысу деп атауға болатын болса. Наргиз Амраеваны түрме қызметкері зорлаған. Әйел басшылыққа шағымданғанда, ол да әйелді зорлаған болып шықты. Кейін әйел басшыларға айтқада, олар арызды ары қарай жібермеген», — деді Айман Омарова.

Ол азаптауды тергеудің орнына прокурорлардың өздері ҚАЖ қызметкерлерінің қылмыстарын жасыруға ықпал ететініне сенімді. Алайда, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің башылары бұл айыптаумен келіспейді. Басшылар, 570 қыз-келіншек жазасын өтеп жатқан Жауғашты түрмесіндегі әйелдермен кесдесіп, жағдайды өздерінен естіп-білуге БАҚ өкілдерін шақырды. Журналистер жазасын өтеп жатқан кез-келген әйелмен еркін тілдесіп, жағдайын сұрауға, проблемасын тыңдауға мүмкіндік алды.

«Мен осындағы әйелдерді зорлады дегенді сырттан келген адамдардан естіп, өзім таң қалдым. Бұл жерде ондай нәрсені көрген емеспін. Көбінің жұмыс орындары бар, жұмысымызға барамыз, кешкісін жұмысымыздан келеміз. Біздің жалпы түрме әкімшілігімен қарым қатынасымыз сыйластықта. Тіптен олар бізге «сен» деп сөйлемейді, «сіз» деп сыпайы сөйлеседі. Сырттағы жақындарымыз бізді бұл жерде зорлыққа ұшырап жүр деп ойлайды. Мен өзім көрген емеспін. Бұл жерде жазасын өтеп жатқан әртүрлі адамдар бар. Сырттағы жақындарымыз, күйеулеріміз осындағы қыз-келіншеткер түрме қызметкерлеріне «қызмет» көрсетіп жүр деп қызғанады. Ол мүлдем шындыққа жанаспайды», — деді жазасын өтеуші Жанбота Шарипхан.

Десе де, бұл түрмеде жазасын өтеп жатқан екі әйел өздерін қызметкерлердің зорлағанын айтып, арызданған. Тергеу барысында ҰҚК және түрме қызметкері қамаудағы әйелдермен төсектес болғаны анықталып, олардың өздері де сотталып кеткен еді. Бұл бірнеше жыл бұрын болған оқиға болса да, адвокат Айман Омарова зорлау оқиғаларының тоқтамай тұрғанын айтып, жуырда тағы да дабыл қақты. Ал жазасын өтеп жатқан әйелдер, түрмедегі «махабатты» басқаша түсіндірді.

«Ешқандай қызметкер дауыс көтермейді. Бір шу бола қалса, бәрі жетіп келеді. Қандай оқиға болғаны бірден тарайды. «Зорландым» деген әйелдің өзін жеке зерттеп көру керек. Ол қыздың ниеті қандай болғанын зерттеп көру керек. Ол туралы осындағылар біледі. Адам көп, қарауыл көп, бірдеме істеу мүмкін емес. Шапқылап, жеткізіп барушылар аз емес. Осындағы әйелдердің көбі аурады. Бұл жердегі медицина өте сапасыз. Медпункт ескірген, ауырсақ қарамайды. Қарапайым дәрі-дәрмектері де жоқ. Кардиограммаға түсе алмаймыз, өзге де аппараттар жоқ, әбден ескірген. Ауырып жатсаң да қарамайды, тек асқынған жағдайда ғана Іле ауданындағы ауруханаға апарады. Бір-бірімізге көмектесеміз. Дәрілерді үйден алдырамыз», — деді жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер.

Бір отрядта ең азы 65 адам болса, кейбір бөлімшелерде 90 әйел бар. Әр отрядтағы әйелдер бір кабинетте ұйықтайды. Ескі, желдеткіші жоқ қапырық бөлмеде олар 90 адамға дейін ұйықтауға мәжбүр. Жазасын өтеушілер түрменің тамағын да жей бермейді.

«Үйден алдырамыз ай сайын. Тек сорпалы тамағын ішеміз. Су болмай қалады. Үш апта болды, су жоқ. Арасында палау, макарон береді. Шын мәнінде көбіне үйден алдырады. Мынандай үлкен, көп көлемде суға жасалған тамақ бәрібір дәмді болмайды. Кондиционер жоқ, ыстық болса да шыдап келеміз. Түнде тек әйел қызметкерлер ұйықтайтын бөлмемізге кіреді, ер адамдар сырқы қарауылда. Бізді осындағы қарауылдарға «қызмет» көрсетеді деген жалған», — деді түрмедегі қыз-келіншектер.

Жауғашты ауылындағы түзету мекемесінде 570-тен астам әйел жазаларын өтеп жатыр. Қапастағы сотталғандарды күзетіп, қарауылдайтын 120-а жуық қызметкер болса, олардың 80 жуығы ер адамдар.

«Әйелдерді зорлау дегенді жоққа шығарамыз. Қылмыс болды, зорлау оқиғасы бұрын болды. Бірнеше рет қайталаған. Бір қызметкердің қателігіне бола барлығына кір жағу дұрыс емес. Ондай оқиғаның қалай болғаны түсініксіз, барлық жерде бейнабақылау орнатылған. Ол жағдай бойынша біз қызметкердің өзімен де сөйлестік. Оның 6 баласы бар. Тергеу амалдары оны кінәлі деп тапты. Жауғашты түзету мекемесіндегі жағдайды оқып, іште әйелдермен қызметкерлер жыныстық қатынасқа түсті деп ойлайды. Бұл жерде енді ол оқиға болды. Одан кейін біз де қарап қалған жоқпыз. Біздің тарапымыздан жіберілген кемшілік. Қызметтік тергеу жүргіздік. Мекеме бастығы өз еркімен лауазымнан босатылды. Жаңағы зорлауға тікелей қатысы бар қызметкер сотталды. Өзге де басшылар лауазымдарынан босатылды.Осындағы жеке құрамның 60 пайызы ер азаматтар. Олардың көбі бақылау өткізу пунктінде, периметрді мұнарада қызметтерін атқарады. Нақты 78 жігіт түрменің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады. Әйел қызметкерлердің саны 40. Барлық қызмектерлермен тсүіндіру жұмыстарын жүргіздік», — деді Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов.

Другие новости

Back to top button