Северо-Казахстанская область

Түрмеде білім алған әйелдерге бостандыққа шығуға мүмкіндік беріледі

Солтүстік Қазақстан облысында орташа қауіпсіздіктегі №50 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 45 әйелге салтанатты түрде диплом табыс етіледі, деп хабарлады Ulysmedia.kz. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

СОТТАЛҒАНДАР БІРНЕШЕ МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ШЫҒАДЫ

Сотталған азаматтар Петропавл кәсіптік колледжінде әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері, тігінші мен сәнгер-пішуші кәсіптерін игерген. Олар оқу жылында теориялық материалды игеріп, электр жабдықтарын, тігін ережелерін, қауіпсіздік техникасын оқып, содан кейін практикалық сабақтарға қатысқан, — делінген хабарламада.

№50 мекеме бастығының орынбасары Оксана Вышардың айтуынша, бұл мамандықтар – қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие. Сондықтан сотталғандар да осы мамандықтарға қызығушылық танытқан. Сонымен бірге орта кәсіптік білім алуға және кәсіп оқуға деген оң көзқарас сотталғанның мінез-құлық дәрежесін анықтау кезінде де ескеріледі.

Өз кезегінде диплом алған әйелдер түрмеде білім алуға мүмкіндік бергені үшін колледж басшылығы мен оқытушыларға алғыс айтты.

«БОСТАНДЫҚТА ЖҰБАЙЫМ МЕН ЕКІ БАЛАМ КҮТІП ОТЫР»

Бүгін мен өзімнің алғашқы дипломымды алдым. Мектепті ғана бітірген соң, мен үшін бұл өте маңызды күн. Мекеме қызметкерлеріне өмірімнің осы қиын кезеңін тиімді өткізуге мүмкіндік бергені үшін ризамын. Осы жерде дұрыс тіге білуді үйрендім. Бостандықта мені жұбайым мен екі кішкентай балам күтіп жүр. Енді босап шыққаннан кейін осы дипломмен жұмысқа тұра аламын, – деді Надежда есімді сотталған келіншек.

Осы ретте айта кететін нәрсе, алдағы оқу жылына Петропавл кәсіптік колледжі бес мамандық бойынша сотталған 90 студентті қабылдады.

СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлағандай, оқу бағдарламасы мен дипломдардың колледждерден еш айырмашылығы жоқ және оқу тегін. Ал сотталғандар үшін білім алу өте маңызды, өйткені бостандыққа шыққаннан кейін олар жұмысқа орналаса алады.

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев кәсіпкерлерге колонияларда бизнес ашуды ұсынған болатын. Ол Шығыс Қазақстан облысындағы ҚАЖ-нің No18 колониясында болған кезде қазақстандық кәсіпкерлерге колонияларда кәсіп ашудан қорықпауды өтініп, «бұл жерде адамдар жұмыс істегісі келетінін, бірақ барлығына жұмыс жетпейтінін» айтты.

Другие новости

Back to top button