Госорганы

«Тұрлыхановтардың отбасылық дәстүрі»: Әнші Рахат Тұрлыханов жақынын соққыға жыққаны үшін тағы да сотқа тартылды

Қазақстандық әнші – депутат Дәулет Тұрлыхановтың туысы Рахат Тұрлыханов соққы жұмсағаны үшін тағы да сот алдында жауап береді. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист таратқан ақпаратқа қарағанда, күзде депутаттың жиені Дәулет Тұрлыханов әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сотқа шақырылған, бірақ ол оны кешіргендіктен, бір кездері танымал болған әртіс жазадан құтылып кеткен.

“Енді ол жаңа қылмысы үшін тағы да сотталады. Рахаттың бұл жолы кімге қол көтергенін әлі білмеймін. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы 73-2-бабының 1-1-тармағында туысқанының денесін зақымдағаны үшін жаза қарастырылған. Әнші бұл жолы тағы да жас әйеліне қол көтерген көрінеді. Әйелдерді ұрып-соғу Тұрлыхановтар үшін отбасылық дәстүрге айналғанын атап өткім келеді”, – деп жазады журналист.

Ол сөзіне дәлел ретінде бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың үлкен ұлы мен ортаншы ұлының қыздарға қол көтерген видеосының желіде тарағанын келтіреді.

“Ал кіші ұлы бәрінен басып озды – өткен жылы ол адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновтың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін сотталды”, – деп еске салады журналист.

Еске салайық, бұған дейін Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымынан кейін қылмыстық іс қозғалған. Кейін Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болған. Осыдан кейін ол басшылық бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде  Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы мен қыздың арасындағы жанжалға байланысты видео тараған. Дәулет Тұрлыханов бұл жағдай өзінің отбасына соңғы жылдары жасалған кезекті ақпараттық шабуыл деп ойлайтынын атап өткен.

 

Другие новости

Back to top button