Түркістанда жындыханаға түскен қызды екі санитар жігіт зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)
Түркістан облысындағы психикалық денсаулық орталығында «шизофрения» диагнозымен емделген 17 жастағы қызды екі санитар жігіт зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды
17 жастағы қыздың анасы журналистерге жылап тұрып сұхбат берген
Бұл туралы Отырар телеарнасына қыздың анасы айтып берген.
«Қызым осы психикалық орталыққа келгеннен кейін екі айдан соң аяғы ауыр екенін білдім. Екі рет тексеруге апардым, екеуінде де аяғы ауыр екені расталды. Ал босанған кезде, қатты қиналғанда маған осы орталықтың санитарлары көрсеткен қорлықтың бәрін айтып берді. Екі санитар жігіт оны бір емес, бірнеше рет зорлаған. Бейнебақылау камералары жоқ бөлмеге апарып, аминазин деген дәрі егіп, темір төсекке байлап, ойларына келгенін істеген. Тіпті, сатыға жатқызым алып, аурухананың үстіңгі қабатындағы қараңғы бөлмеге апарып зорлаған», — дейді анасы телеарнаға берген сұхбатында.
Дереккөзге сүйенсек, осы орталықта жатқан тағы бір бойжетке туыстарына «екі санитардан зорлық көрдім» деп айтқан екен. Бірақ, полиция ол қыздың анасының арызын қабылдаудан бас тартқан.
Психиатриалық орталықтың өкілдері Отырар телеарнасына комментарий беруден бас тартқан екен. Ал полиция болса қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүріп жатқанын ғана айтқан.