ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 5-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ #АУЫЛФУТБОЛCUP ТУРНИРІ ӨТТІ

2025 жылдың 24-28 наурыз күндері Түркістан қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ауыл командаларының қатысуымен футболдан #АуылФутболCup V Республикалық турнирі өтті.
Турнирге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Атырау облыстарының балалар командалары қатысты.
2012-2013 жылдары дүниеге келген 200-ден астам бала жарыста өз ойындарын көрсетті.
#AуылФутболCup турниріндегі тағы бір жаңалық – Алтын және Күміс тор жүйесі қолданылған болатын.
Екі күнге созылған ойында В тобынан жарып шығып «Алтын торда» бірінші орынды Қазалы жеңіп алды.

«Алтын торда» екінші орынды А10 командасы иеленді.

Ал «Алтын торда» қола жүлдегер ақмолалық Спартанс командасы атанды.

«Күміс тордағы» ойындардың нәтижесі бойынша алға суырылып шыққан Сұңқарлықтар бірінші орынға ие болды.

«Күміс торда күміске таласқандар арасында Қызылту командасына екінші орын бұйырды.

Қола жүлдесі бойынша Алматы оьлысының Самұрқ командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Күміс тор бойынша:
Үздік қақпашы Ибадулла Сарвар – Сұңқар командасы (Түркістан обл)

Үздік қорғушы Ізтілеу Бағдаулет – Намыс командасы (Ақтөбе обл)
Үздік жартылай қорғаушы Жақан Нұрислам – Самұрық командасы (Алматы обл)

Үздік шабуылшы Избасов Амирхан – Қызыл ту командасы (Ақтөбе обл)

Үздік ойыншы Ақайдар Дінмұхаммед – Сұңқар командасы (Түркістан обл)

Үздік жаттықтырушы Мұхаметияр Азамат — Қызыл ту командасы (Ақтөбе обл)

Алтын тор бойынша:
Үздік қақпашы Төре Мансұр – Қазалы командасы (Қызылорда обл)

Үздік қорғушы Сайн Ерсұлтан — А10 командасы (БҚО)

Үздік жартылай қорғаушы Серікұлы Қайсар — RedSapsans командасы(Алматы обл)

Үздік шабуылшы Бисимбаев Али — Spartans командасы (Ақмола обл)

Үздік ойыншы Орысбек Марғұлан – Қазалы командасы (Қызылорда обл)

Үздік жаттықтырушы Дәуренбек Тәжімбетов – Қазалы командасы (Қызылорда обл)
марапатталды.

«Биыл #АуылФутболCup Турниріміз ерекше – өйткені АуылФутбол жобасының 5 жылдығын атап өтіп жатырмыз! Біз үшін, жоба үшін, ең бастысы ауыл балалары үшін үлкен жетістік деп санаймын. Бес жылда талай шаруа атқарылыпты! Оның ішінде сол жарыстар, материалды көмек беру, тренерлерді оқыту. Нәтижесінде командаларымыз басқада жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысып жүлделі болып қалмай чемпионда атанып жатыр. Сондықтан осы жұмысымызды жүйелі түрде жалғастырамыз», — деді АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.
Сондай-ақ #АуылФутбол жобасы ұйымдастырлған республикалық турнирге Ақмола облысынан «Алаш» және Батыс Қазақстан облысынан А10 командалары алғаш рет қатысты.
«Алаш» командасының тренері Самат Маратұлы:
Түркістан қаласында өтіп жатқан #АуылФутболCup V Республикалық турниріне алғашқы қатысуымыз. Турнир жоғары деңгейде өтті. Түркістан қаласына келіп турнирге қатысқанымызға қуаныштымыз. Алдағы уақытта турнирлерде төбе көрсетіп ат салысып отырамыз деген ойдамын. Республиканың әр облысынан ауыл балаларын жинап үлкен жарыс ұйысдастырған АуылФутбол жобасы жасай берсін!
#АуылФутболCup турнирінің бас демеушісі болған Tornado Plus жиһаз компаниясына алғыс білдіреміз.
Анықтама:
#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды. Идея авторы – журналист Серік Мәмбетов.
Жоба өз жұмысы барысында 180-нен астам ауыл командасына қаржылай
көмек көрсетті, 60-тан астам турнир өткізді. 2023-2024 жылы Халық қайырымдылық қорының демеушілігімен 100 ауылдық жаттықтырушы оқытып жәнеде тренерлерге арналған бірнеше семинарлар өтті.