Выбор редакцииСпорт

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 5-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ #АУЫЛФУТБОЛCUP ТУРНИРІ ӨТЕДІ

2025 жылдың 24-28 наурыз күндері Түркістан қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ауыл командаларының қатысуымен футболдан #АуылФутболCup V Республикалық турнирі өтеді.

Турнирге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Атырау облыстарының балалар командалары қатысады.

2012-2013 жылдары дүниеге келген 200-ден астам бала қатысады деп жоспарланып тұр.

«Бұл #AуылФутболCup брендімен 5-ші Республикалық турнир. Бұған дейін мұндай турнирлер Алматы, Ақмола, Маңғыстау облыстарында өткен болатын.

#АуылФутбол жобасының 5 жылдығына орай Түркістан қаласында турнир өткізуді жөн көрдік. Еліміздің әр өңірінде жарыстар өткізудің маңызы зор.

Спорт, жетістіктер, медальдар мен кубоктарды алған жақсы, бірақ балаларғада ел аралап, көрікті жерлерді көріп, жаңа достар табу керек», — дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

С.Мәмбетовтің айтуынша, турнирдің ең басты ерекшелігі – ел бойынша көптеген турнирлердегідей командалардан қатысу жарнасын төлеу талап етілмейді.

«Мен кез келген жарысты өткізу белгілі бір шығындарды талап ететінін түсінемін. Бірақ біз мұны демеушілер арқылы шешеміз, сондықтан командалардың қатысуы тегін. Оның үстіне өткен жылы демеушіміз «Халық» қайырымдылық қоры жол шығынын да өтеп берген болатын, ал турнир финалистерінің жол ақысы мен жатын орнының шығынын толық өтеп берді», — деді С.Мәмбетов.

Бұл жолы командалар турнирге өз қаражаттарымен барады, ал кейбіреулері қатысу шығындарын жабуға өз өңірлерінен демеушілерді тартты.

«Өткен жылы біз «Халық» қорының қолдауымен тренерлер үшін тренинг өткіздік. Ал дайындалған тренерлердің 20%-дан астамы 2024 жылы 47 миллион теңгеге жуық демеушілік қаражатты тартып үлгерді. «Бұл үлкен жетістік», — деп түйіндеді жоба жетекшісі.

#AуылФутболCup турниріндегі тағы бір жаңалық – Алтын және Күміс тор жүйесі қолданылады.

Турнирдің бас төрешісі Дастан Бисенбаевтың айтуынша,жеңілген командалар қайтып кетпей қосалқы турнир яғни жұбаныш турнирін өткізеді.

«Топтардан плей-офф кезеңіне өте алмаған командалар бір-бірімен ойнап, кубоктар мен медальдарды өзара тартысқа салады. Бұл командалар арасында ойын тәжірибесі көбірек болады деген сөз, әрине, қарым-қатынас пен танысу да нығая түседі», — деді Д.Бисенбаев.

#АуылФутболCup турнирінің бас демеушісі, алдыңғы 2024 жылдағыдай, Tornado Plus жиһаз компаниясы болды.

Турнир серіктестері: BASSport, Matritca.kz, Almaty TV, Change PR коммуникациялар агенттігі, Max Show агенттігі.

Анықтама:

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды. Идея авторы – журналист Серік Мәмбетов.

Жоба өз жұмысы барысында 180-нен астам ауыл командасына қаржылай

көмек көрсетті, 60-тан астам турнир өткізді, 100 ауылдық жаттықтырушы оқытылды.

Другие новости

Back to top button