Туркестанская область

Түркістан облысында мүгедек балаларға бөлінген 85 миллион теңге жымқырылған

Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы оңалту орталығының басшысы мен бас есепшісі сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

“Мақтарал ауданындағы оңалту орталығының басшысы мен бас есепшісі мүгедек балалардың денсаулығын жақсарту үшін бөлінген 85 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған. Сотталғандар бұл қылмыстарын 2018-2024 жылдар аралығында жүйелі түрде жасап келген. Сот барысында орталық басшының құны 35 миллион теңге тұратын пәтері тәркіленді”, – делінген полиция хабарламасында.

Ал 2018-2024 жылдар аралығында мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге арналған оңалту бағдарламаларына қаржы тапшы болып келген екен.

Другие новости

Back to top button