Туркестанская область

Түркістан облысында 12 жастағы қыз суға батып кетті

Түркістан облысында 12 жастағы оқушы қыз каналға батып кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

 

Қайғылы жағдай Абай ауылында болған. 8 мамырда сағат 17:00 шамасында 12 жастағы қыз «Ошақты» каналына құлап, шыға алмай қалған. Оның жанында құрбысы болған. Суға батып кеткен қыз арнаның жанында ойнап, құлап кеткен. Оның денесі 5 шақырым шалғай жерден табылды.
Келес аудандық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша іздестіру жұмыстарына 6 құтқарушы, 8 полицей, жергілікті билік қызметкерлері мен туыстары қатысқан.
«Іздестіру жұмысы кезінде Ошақты каналына жіберілетін су уақытша тоқтатылды. Қыздың денесі шамамен сағат 21:20-да оқиға орнынан 5 шақырым шалғай жерден табылды», — дейді құтқарушы Шыңғысхан Уатбаев.

Другие новости

Back to top button