Госорганы

Түркияда жол апатына ұшыраған отбасына қатысты соңғы мәлімет белгілі болды – СІМ

Түркияға саяхаттап барған қазақстандық отбасы жол апатына ұшырап, запдап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 қыркүйекте Аланияда жол-көлік оқиғасы болып, қазақстандық отбасы зардап шекті. Жол апатынан оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның 2 жасар қызы қайтыс болды. Отағасы (1986 жылы туған) ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 2014 жылы туған ұлы да ауруханада, оның денсаулығына аса қауіп төнбеген», — делінген СІМ хабарламасында.

Ақпаратта айтылғандай, қазақстандық дипломаттар апатқа ұшыраған отбасының туыстарымен байланыста отыр.

«Аталған отбасыға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болды және бүгін елге оралуы керек еді», — дейді ведомстводан.

Бұған дейін Түркияда Қазақстан азаматшасы мен оның екі жасар сәбиі көз жұмғанын хабарлаған едік.

Другие новости

Back to top button