Социум
Түркия алапат өрттен кейін шенеуніктерді бірінен соң бірін ұстап жатыр
Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортында орын алған өрттен кейін екі шенеунік қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қамалғандардың бірі – Болу қаласы әкімінің орынбасары Седат Гюленер, екіншісі – өрт сөндіру басқармасы басшысының орынбасары Кенан Кошкун. Осылайша, оқиғаға байланысты ұсталғандардың жалпы саны 18 адамға жетті.
Өрт 21 қаңтарға қараған түні Grand Kartal қонақ үйінде болды. 12 қабатты ғимаратта 238 қонақ, оның ішінде мектеп демалысында отбасыларымен демалуға келген балалар да болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қонақ үйде өртке қарсы дабыл жүйесі іске қосылмаған. Сол себепті қонақтар өрт туралы дер кезінде білмей, көпшілігі ғимараттан шығып үлгермеген.
Сондай-ақ, өрт сөндірушілер оқиға орнына өрт басталғаннан кейін 1 сағат 15 минут өткен соң ғана жеткен.