ГлавноеГосорганы

Түрікменстан президентінің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары басталды

Ақордада Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті. Дәстүрге сай, президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді.

Осыдан кейін президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік Әнұрандарын орындады. Содан соң мемлекет басшылары Қазақстан туына құрметін білдіріп, шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Айта кетері, кеше Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов алғаш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Түрікмен лидері 14 қазанда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің саммитіне және Орталық Азия — Ресей саммитіне қатысты.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр.

Другие новости

Back to top button