Восточно-Казахстанская область

«Тұрғындардың тамағы күйіп қалған»: Өскемен белсенділері қаланы экологиялық апатқа ұшыраған деп тануды талап етуде

Өскемен қаласының тұрғындары 44 мың тонна зиянды қалдықтарды жұтуға мәжбүр. Қала белсенділері Өскеменді экологиялық апатқа ұшыраған қала деп мойындау үшін петиция бастады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Сенатор Ольга Булавкинаның айтуынша, жергілікті кәсіпорындар шығарындылардың көп мөлшерін ауаға жібереді. Соның кесірінен қала экологиялық апатқа ұшырауда.

Өскемен белсенділері жыл басында қалада экологиялық апатты мойындау туралы петиция бастады. Оған он мыңға жуық адам қол қойды. Эко-белсенділер құжатты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жіберді, алайда ол бас тартылып, мүмкін емес деген жауап келді.

«Бүгінде мерзімі өтіп, тозған кәсіпорындар мен автокөліктердің саны өте көп. Ал тұрғындар таза ауамен дем алуы тиіс», – деді Сенат депутаты Ольга Булавкина.

Өскемен ластану деңгейі бойынша Қазақстан қалалары арасында көш бастап тұр. Экологтардың айтуынша, прогресс жоқ, жергілікті билік тек өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға бағытталған. Осыған байланысты бүкіл қала кәсіпорындарға тәуелді. Сарапшылардың айтуынша, өңірде нақты және жүйелі экологиялық саясат жоқ.

«Өкінішке қарай, әкімдік алдағы қызметінде экологиялық жағдайды ескергісі келмейді. Өскеменде жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындарды кеңейтуге, жаңа қазандықтарға салуға, көмірмен жағылатын жеке сектор аудандарына тыйым салынуы тиіс. Барлық факторларды ескеріп, экология қала дамуының бір бөлігі болуын талап етуіміз керек», – деді тәуелсіз эколог Роман Честных.

Экология департаменті жағдайға қатысты түсініктеме бермеді. Алайда сарапшылардың жеке үйлерін көмірмен емес, электр қуатымен жылытуға немесе қаланы газдандыруға мүмкіндік беру туралы ұсынысын қолдады. Министрлік деңгейінде бұл мәселелер әлі де шешілуде.

«Тамақтың күйіп қалуы» жаңа диагнозы қазірдің өзінде анықталған. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Серік Мизанбеков атап өткендей, жақын арада тамақтың химиялық күйігін диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы әзірленеді.

«Өскемен қаласының тұрғындары тамақтың қышуы, бас ауруын жиі сезінеді. Оны бұрын дәрігерлер ЖРВИ, тұмау, тамақ ауруы диагнозын қойып, сол әдіспен емдеген. Өйткені жимиялық күю диагнозы болған жоқ», – деді облыстағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Серік Мизанбеков.
Диагноз «химиялық заттардың әсерінен туындаған жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы» деп аталды. Бірақ қала тұрғындары зиянды қалдықтардың кесірінен ауырғанын дәлелдеу қиындық туғызады.

Другие новости

Back to top button