Западно-Казахстанская область

Тұрғындардан 120 млн теңге тартып үлгерген қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды

ҚМА аумақтық депаратменті Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тартқан «Life is good» және «Hermes» қаржы (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастырған күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікке ілінген әйел ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз», — деп жазды ведомстводан.

Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Другие новости

Back to top button