
Қазақстан халықаралық міндеттерді тиісті деңгейде орындай отырып, шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетеді. Алайда өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.
Отырыс басталмас бұрын Үкімет басшысы көші-қон мәселелеріне қатысты қоғамда түісінпеушілік туындағанына тоқталып өтті.
«Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағасының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдауы қажет», -деп нақтылады Әлихан Смайылов.
Өз сөзінде Премьер-министр еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі бірінші орында болу керектігін ескертті.
«Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда», — деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов Премьер-Министр тұрғын үй