
Үкімет қаулысына сәйкес, қыркүйек айының соңында Назарбаев атындағы мектептер, университет және қордың жоғары қамқоршылық кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кеңестің басшысы премьер-министр Әлихан Смайылов болды.
Кеңес құрамына кіргендер:
- Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
- Премьер-министрдің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова;
- Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев;
- Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек;
- Назарбаев университеті президентінің міндетін атқарушы Адесида Илесанми.
Бұған дейін кеңес басшысы қызметін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев атқарған.
Өткен жылы парламент Елбасы туралы заңды жоюға дауыс берген. Осыдан кейін депутаттар экс-президентті барлық артықшылықтар мен мәртебелерінен айыра бастады.