Культура

«Түнде ұйқыдан қалдым»: Роза Әлқожаның денсаулығы сыр берді

Танымал әнші, сазгер Роза Әлқожа денсаулығына байланысты ем алып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өнер иесі отбасы мүшелерімен бірге сырқаттанып жатқанын айтты.

“Денсаулық пен өмір берсін Алла баршамызға! Соңғы вирус оңай тимеді. Үйде үш күн ауырдым. Бала-шағамыз бастаған, бізді де айналып өтпеді. Ағамнан
үш рет озонотерапия алдым. Содан “қой, өзіме қарамасам болмас деп, Қарағандыға ұшып кеттім. Осыдан жеті жыл бұрын ба құрбым осы шипажайға әкелген. Содан бері жылына бір рет келіп, құрбыммен ем алушы едік.
Былтыр келмегендіктен бе, биыл грыжа, остеохондроз, протрузия шыдатпады. Түнде ұйқыдан қалдым. Аяқ астынан жиналдым да, осы жолы құрбыма да хабарласпай өзім келе бердім. Келген соң екі күн ұйықтап, сосын жан жаққа қарай бастадым”, – дейді әнші.

Эстрада жұлдызы жиі ел алдына шығып, сахнада жүргендіктен денсаулығына қатты мән беретінін айтып, оқырмандарына үндеу жасады.

“Адамда көңіл-күй мен денсаулық болса алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан бес күн болса да ем алуға уақыт бөлу керек екен! Маған керек әрі ұнайтын процедуралар мыналар: Омыртқаны созу, инемен емдеу, массаждың бірнеше түрі. Менің диагнозыма болмайтын қаншама ем-дом бар. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!”, – деп жазды өнер иесі.

Другие новости

Back to top button