Социум

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: бүгінгі ауа райы болжамы қандай

Синоптиктер 26 ақпанда арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республиканың батысында, солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Еліміздің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауып, бұрқасын болып, жел 9-14 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -11…-13°C, күндіз -4…-6°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болвды, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -4…-6°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз +1…+3°C болады.

Другие новости

Back to top button