Главное

«Туған ұлындай көретін»: таяқ жеген баланың әпкесі күйеуіне араша түсіп, өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Балқашта 8 жастағы баланы аяусыз ұрды деген күдікті Алмас Басымбековтың жары, 8 жастағы Ерболаттың әпкесі Нәсіпгүл Айдынова оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен мәлімдеме жасауға мәжбүр болып отырмын, себебі қазіргі уақытта біздің отбасымызға қатысты резонанс бүкіл Қазақстанға тарап кетті. Мен Алмас Басымбековтың жұбайымын, сегіз жасар Ерболат есімді баланың тәтесімін. Ол менің туған ағамның баласы, ол үшін мен екінші анадай болдым. Баланы әр демалыста анасы бізге жібереді. Менің әкем, яғни, баланың атасына жіберемін деп айтқанымен, әкем 15 күн жұмыс істеп, 15 күн демалады. Баланың шешесі жазған постта біздің ескі мекенжай жазылыпты, біз ол үйден үш жыл бұрын көшіп кеткеміз. Яғни, анасы баласының қай жерде жүргенін де білмейді деуге болады. Біздің өзіміздің екі баламыз бар. Баланың жаз бойы біздің үйде жүретініне фото-видео дәлелдер бар. Жаңа жылды да біздің үйде қарсы алады», — дейді ол.

Видеодағы әйел жолдасы бұл балаға туған ұлындай қарап, өз балаларына не алып берсе оған да соны алып беретін дейді.

«Оқиға болған күні мен жұмысқа кеткенмін. Үйде күйеуім үш баламен бірге қалған.  Яғни, төрт жасар қызым, осы Ерболат және бір жасар ұлым бар. Таңертең жолдасым үшеуін ертіп дүкенге барған. Үйге келіп, түскі ас ішкеннен кейін, күйеуім кіші ұлымызды ұйықтатуға тырысқан. Балам ақырын дыбыстың өзіне оянып кететіндіктен, Ерболат пен 4 жасар қызымызды планшет көре тұрыңдар деп балалар бөлмесіне отырғызып қойған. Бөлменің есігі ашық тұрған», — дейді ол.

Нәсіпгүл Айдынованың айтуынша, оның күйеуі Алмас Басымбеков кіші ұлын ұйықтатып болып, қызына қарай келе жатқанда жантүршігерлік жағдайды көріпті.

«Қызымыз жерде іш киімсіз жатты, ал Ерболат киімін шешіп тастаған күйде оның үстінде жатқан. Бұл кәдімгі ересектер арасындағы жыныстық қатынасқа ұқсас көрініс болған. Күйеуім шошып, дереу Ерболатты итеріп жіберіп, қызымызды тексере бастаған. Қан немесе басқа жарақат бар ма деп тексерген. Шок жағдайында не істерін білмеген күйеуім Ерболаттан «Не істедің?» деп сұраған. Ерболаттың жауабы оны есінен тандырған. Осы сәттен бастап күйеуім өз-өзіне ие бола алмай, аффект күйінде оны ұрып жіберген. Кейін маған хабарласып, болған жағдайды айтты. Мен де шошып кеттім», — дейді ол.

Күйеуім Ерболатты өз ұлындай көріп, киіндіріп, тамақтандырып, тәрбиелеп жүрген кезде осындай әрекет жасағанына ішіміз күйінеді дейді ол. Ал ең бастысы баланың анасы жалған ақпарат таратып жатыр деген әйел қоғамнан күйеуін қараламай, оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын біліп алуды сұраған.

«Ерболаттың анасы әлеуметтік желілерде бізге жала жауып қаралап жатыр. Тіпті біз тұрып жатқан мекенжайды да дұрыс көрсетпеген. Біз үш жыл бұрын басқа жерге көшіп кеткенбіз. Сондай-ақ ол баламның денесін күйдіріп, саусақтарын сындырған дейді. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Күйеуім қазір тергеу изоляторында, ал біз – отбасы ретінде жан азабын тартып отырмыз. Қызымыздың психикасы күйреп қалған, ол әлі есін жия алмай жүр. Біз шындық үшін күресеміз. Күйеуім жауапкершіліктен қашпайды, бірақ бұл оқиғаны бұрмалап, қоғамды адастырған әйел де жауап беруі тиіс деп санаймын», — деп түйіндеді Ерболаттың әпкесі.

Еске салсақ, Балқашта 8 жастағы баланы «Қазақмыс» компаниясының қызметкері аяусыз ұрып, изоляторға қамалды. Баланың анасы әлеуметтік желіде халықтан көмек сұрап, ақша жинаған болатын.

Другие новости

Back to top button