Главное
Туфли киіп, доп тепкен қазақ келіншек жұртты таңдай қақтырды (ВИДЕО)

Желіде аяғына туфли киіп, басына орамал тағып, көйлек киген Динара Шойбекова есімді әйелдің доп тепкен видеосы қызу талқыға түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ол өзінің видеосына «галошымды Роналдуға бердім» деп қалжыңдап, пост жазған.
Пікір білдіргендердің басым бөлігі тамсанып, ер-жігіттерден қарағанда осы келіншек футболды жақсы ойнайды екен деген пікірлерін жазған.
«Бұл кісіні Қазақстан құрамасына бапкер ету керек, команданы жетістікке жеткізеді. Біздің қазақтың қыздары жан-жақты», — деп жазған олар.