Главное

Трамп Ресейге Украинамен соғысты тоқтатуға 10 күн уақыт берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен бейбіт келісімге келмесе Ресейге қатысты 10 күн ішінде баж салығы мен өзге де шараларды енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына  сілтеме жасап хабарлайды.

“Сейсенбіден бастап 10 күн. Бұл Ресейге әсер ете ме, білмеймін, себебі ол (Путин) соғысты жалғастырғысы келетін сияқты”, – деді Дональд Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, ол Ресейден өз ұсыныстарына жауап алмаған.

Журналистермен әңгімесінде Трамп Ресейге қарсы санкциялардың мұнай нарығына немесе бағаға ықтимал әсеріне алаңдамайтынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ ел ішінде мұнай өндіруді арттыру арқылы кез келген салдарды өтей алады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыста 50 күн ішінде бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, Ресей мен оның сауда серіктестеріне қарсы 100 пайыздық тариф енгізілетінін мәлімдеген еді. Бұл туралы ол 14 шілде күні Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуі барысында хабарлады.

Бұған қоса, Трамп Украинаға миллиардтаған доллардың әскери техникасы берілетінін мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button