Социум

Трамп Канада, Қытай, Мексикаға баж салығын салып жатыр

Дональд Трамп Мексика, Канада мен Қытайдан келетін тауарларға баж салығын салатын болды. Осылайша заңсыз иммиграция мен есірткі айналымына тоқтау салмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Америка дауысы онлайн басылымының жазуынша, Ақ үйдің арнайы мәлімдемесінде заңсыз иммигранттар мен есірткі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді деген. Шекара шиеленісі бірқалыпқа түскенше АҚШ президенті Канада мен Мексикадан келетін тауарға 25% және Қытайдан келетін тауарға 10% қосымша тариф енгізеді. Канададан келетін энергия тасымалдаушыларға төмендетілген тариф 10% болады.

Трамп Мексика, Канада мен Қытайды АҚШ-қа заңсыз иммигрант жібермеу, есірткі тасымалдамауға берген уәделерін орындатуға мәжбүрлемек.

Өткен жылы АҚШ-тың шекара және кеден қызметі 10 000 келіден астам фентанилді тәркілеген.

Тарифтер мен баждар 4 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Другие новости

Back to top button