Социум

Трамп әкімшілігі Ресейге салынған санкцияларды азайтудың жолын іздеп жатыр

Вашингтон Ресейге салынған санкциялық қысымды ішінара жеңілдету жоспарын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТІЗІМ ЖАСАУ

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл тапсырма АҚШ мемлекеттік департаменті мен қаржы министрлігіне президент Дональд Трамп әкімшілігінен түскен. Бұл ведомстволарға қандай шектеу шараларын азайтып немесе толықтай алынып тасталуы мүмкін екендігі туралы тізім жасау тапсырылған.

ТАЛҚЫЛАУ

Агенттіктің мәліметінше, дайындалған тізім алдағы келіссөздер барысында АҚШ өкілдері мен ресейлік шенеуніктер арасында талқыланбақ. Ақ үй бұл қадамды Трамптың Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартуға және Украинадағы әскери қақтығысты тоқтатуға ұмтылуымен байланысты деп түсіндірді.

САНКЦИЯ

Reuters дереккөздерінің хабарлауынша, құжат жобасында бірқатар ресейлік заңды және жеке тұлғаларға, соның ішінде ірі кәсіпкерлерге салынған санкцияларды алып тастау мүмкіндігі қарастырылған. Алайда түпкілікті шешім әлі нақты емес – кейбір шектеулерді азайту мәселесі АҚШ конгресінің мақұлдауынан кейін ғана іске асады.

Другие новости

Back to top button