Назначения и отставки
Төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысындағы орман өртінен кейін отставкаға кетті
Марат Күлдіков төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
11 шілдеде Марат Күлдіковтың Абай облысындағы ірі орман өртінен кейін отставкаға кеткені белгілі болды. ТЖ министрлігі вице-министрдің өз еркімен босату туралы баянат жазғанын нақтылады.
«Үкімет қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков өтінішіне сәйкес Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды», – деді Үкіметтің баспасөз қызметі.
Ол Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін 2020 жылдың қазан айынан бастап атқарды.