Мангистауская область

«Төсекке адам секіргендей болды»: Каспийде болған жер сілкінісі ақтаулықтарды шошытты

Каспий теңізінде магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі сезілген. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Әзірбайжанның Хачмаз облысынан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде, 35 шақырым тереңдікте болған.

Ақтау мен Жаңаөзен тұрғындары әлеуметтік желіде өздері байқаған дүмпулер туралы хабарлады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйлерде тұратын кейбір ақтаулықтар алғашқы дүмпулерден кейін пәтерлерін тастап кеткен.

 

Другие новости

Back to top button