Төрт жасымнан математикадан сабақ үйреткенмін – Дәулет Мұқаев

Блогер деген бірінші кезекте мамандықта емес. Менің мамандығым – экономист. Философия ғылымдарының докторымын. Өзім 4 жасымнан бері математикаға сабақ үйреткенмін. 2017 жылы магистратура бітіре салып, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде оқушы болдым. Сол тәжірибеммен жалғастыра беремін. Менің бағытым – ағартушылық. Соның ішінде қаржылық сауаттылық бағыты, — дейді Дәулет Мұқаев.
Ол депутат болмай тұрып, салықты дұрыс төлемеді деп айыптайтындарға жауап берді.
Салық төлейтін адам – өзінің жеке есепшотына ақша түсетін болса, төлеу керек . Осы уақытқа дейін менің сабақтарымның барлығы – менің командамдағы балалардың жеке кәсіпкерлігі арқылы сатылған. Олар заңды түрде салықтарын төлеп жүр. Пандемия кезінде жеке кәсіпкерлерге салықтан босату қарастырылды. Мораторийға ілікті. Ал 2023 жылдан бері толығымен төлеп отыр. Менің командамдағы жігіттерге кеше тізім шыққанда ешқандай хабарландыру келмеген. Барлығы дұрыс,- дейді депутат.