Главное

«Төрт балам жоқ»: Алматыда ерлі-зайыпты жүк көлігі өртеніп кеткен жігітті мәжбүрлеп ақша жинатқан ба (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде жүк көлігі өртенген азаматқа көмек ретінде қазақстандықтар төрт күн ішінде 15 миллион теңге жинағаны туралы ақпарат тараған болатын. Кәсіпкер Әбілқайыр Рүстемов көлік жүргізушісіне 1 млн теңге көлемінде қолма-қол ақша беріп, көмек қолын созғанда, бұл оқиғаның спектакль екені анықталыпты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиғаның бұдан да күрделі сипаты бар болып шықты. Ермекке қатысты TikTok арқылы жасалған қайырымдылық акциясын ұйымдастырғандар жүк көлігінің иелері Айнұр мен Ержан есімді ерлі-зайыптылар болып шықты. Олар Ермектің атынан TikTok парақша ашып, желі қолданушыларынан көмек сұратқан. Сонымен қатар, жиналған қаржы түсетін банк шотын да өздері иемденіп алған. Айта кетейік, осы көлік жүргізушісінің видеосы тараған кезде азаматтардың көбі Айнұр есімді есепші әйелдің аккаунтын белгілеген еді. Қазір ол аккаунт жабық тұр және жүргізушінің аянышты видеосы желіден өшіп қалған.

Кәсіпкер Әбілқайыр Рүстемовке Ермектің туыстары хабарласып, азамат мәжбүрлі болған соң видеоға түскенін, ал шын мәніндегі оқиға мүлде басқа екенін жеткізген.

Көлігі өртеніп кеткен Ермек есімді азамат Алматы прокуратурасының жанына беріп, бейнежазба жариялаған.

«Алматыда прокуратураның алдында тұрмын. Мені алдап, қинап ақша жинатқаны үшін арыз жазамын. Менің төрт балам бар деп айтқызды, бірақ менің бір ғана қызым бар. Ержан мен Айнұрдың атына арыздандым. Қысым көрсетіп, қорқытқаннан шаршап кеттім. Әбілқайырдың арқасы, мені қолдап, көмектесті. Қазақстандықтарға да алғыс айтамын», — деді ол.

Әбілқайыр Рүстемовтің айтуынша, қазақстандықтар жүк көлігі өртеніп кеткен әрі төрт баласы бар-мыс жігітке 19 млн теңге жинаған екен. Ерлі-зайыпты бұл ақшаны 15 млн теңге жиналды деп азайтып айтқан.

Редакция осы мәселе бойынша Алматы қаласының прокуратурасына сұрау жолдады.

Другие новости

Back to top button