Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова санын жалтыратып, сән апталығында подиумға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің әйелі Instagram парақшасында Қазақстандағы танымал сән үйінің топтамасымен шыққаны туралы жазды.
Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Төрт бала туса да жас кыздай жүретінін тағы да дәлелдеңіз», «Төрт баланың анасы деп кім айтады, мүсініңде мін жоқ», «Жұлдыздың деңгейі Қайрат Нұртастан жоғары», «Қандай сұлусыз», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-Stories-те қысқа белдемше киген фотосын жариялап, бір шумақ өлең жазған.