Главное

«Төрт адам тіл тартпай кетті»: қоғам белсендісі Астана-Көкшетау арасындағы такси жүргізушілерін тексеруді талап етті (ВИДЕО)

3 тамыз күні Астана-Петропавл тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапқан еді. «Хендай Элантра» маркалы көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Ваз-2107» көлігінің күл талқанын шығарған. «Ваз-2107» маркалы көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде көз жұмса, «Хендай Элантра» көлігіндегі бір жолаушы ауруханада жан тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желідегі белсенді ұстаз Айнагүл Бегенова бұл апатта қаза тапқан адамдардың жақындарын жақсы білемін дейді.

«Мына жан түршігерлік жол апатында біздің жақын жостарымыздың туғандары қаза тапты. Бір ер адам, оның ұлы мен туған әпкесі тіл тартпай кетті. Қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен жеңіл көліктегі жолаушыны қосқанда, төрт адамның өмірі үзілді. Астана-Көкшетау тас жолы адам қаны көп төгілетін трассаға айналды. Такси жүргізушілерін тексеретін уақыт келген сияқты. Олар осы трассада ұйқылы-ояу күйі қатты жүреді, бір күнде Астана мен Көкшетау арасында 2-3 рет адам тасиды. Екі қала арасында ыңғайлы, қалааралық автобустар жүру керек,  электрпойыздардың санын көбейту керек», — дейді ол.

Айнагүл Бегенова жазғандай, жуырда оның қызы да ұйқысы қанбаған бір такси жүргізушісінің кесірінен оқысқа ұшырай жаздаған екен.

«Жуырда кешке жақын қызымды Астанаға жіберу үшін бір салонды толық төлеп, жолға шығарып салдым. Қызымның айтуынша, әлгі такси жүргізушісі жолда келе жатып, қайта-қайта қалғып кетіпті. Қызым жол бойы оның көзіне қарап, оятып отырған. Сөйтсе, такси жүргізушілері күніне 3-4 сағат ұйықтап, екі қала арасына кемі 2 рет адам тасиды екен. Сондықтан, осындай такси жүргізушілерін, оларды жұмысқа алып оытрған компаниялар болса, солардың басшыларын жазаға тарту керек», — дейді ол.

Другие новости

Back to top button