«Төрт адам жүріп, жалғыз Шерзатты қорғай алмады»: сотта Тоқтаубаевтардың анасы сөз сөйледі

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтардың анасы жарыссөзде сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиғаың басталуына жәбірленуші Қаржаубаев Нұрымовтың өзі түрткі болған. Ол бейнежазбада көрініп тұр. Балалары бармай тұрып, әжесі, анасы, ағасы және әкесі жүр. Төрт адам жүріп, жалғыз Шерзатты қорғай алмады. Нұрбол Дархан Әскентайды алып кетуге барған. Соңы осындай оқиға болған. Қаржаубай ақша төлемеді деген сылтаумен төбелес басталған. Кейін інісін шақырған», — деді ол.
Екі сотталушының анасы жәбірленушілер тараптан айтылған өтірік көп екенін айтты.
«Бала өлді деп қана емес, екі тараптың да шындығын қарастыру керек», — дейді ол.
Еске салсақ, прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды көбі 23 жылдан кемі 1 жыл 6 айға соттауды сұрады.