Социум

Төрт адам жабылып 13 жасар қызды зорлаған: күдіктілерге қатысты іс қозғалды

Өзбекстанда болған оқиғаға қатысты тергеушілер тексеруді бастады

Өзбекстанда төрт адам жабылып 13 жасар қызды зорлаған. Осы іске қатысты елдің Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде төрт ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Бухарада тіркелген жантүршігерлік қылмыс туралы UzNews.uz сайты жазды.

Дереккөзіне сүйенсек, 13 жасар қыз баланың иен далада төрт ер адамнан зорлық көргені туралы алдымен жергілікті басылымдар жазған. Олардың мәліметінше, қыздың анасы өмірден озып, ол үлкен ағасының қолында тұрған. Қызды үлкен ер азаматтармен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген қыздың жеңгесі деген ақпарат бар. Оны төрт ер адамға ұстатып жіберген де жеңгесі деп жазған жергілікті ақпарат құралдары. Осылайша, көлік жүргізушісін қоспағанда, 13 жастағы қызды үш ер адам иен даладағы қираған ғимаратқа апарып, кезек-кезек зорлады деген ақпарат тараған.

Өзбекстанның UzNews.uz басылымының тілшісі Бухара облысы Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Шухрат Джалоловқа тікелей телефон соғып, ресми мәлімет сұраған.

Джалоловтың тілшіге берген мәліметіне сүйенсек, қазір осы іс бойынша Бухара облысының Тергеу басқармасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 118 бабының төртінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын қолға алған.

Қазір қыз баланы зорлады деген күдікпен үш ер адам және оларды иен далаға апарған көлік жүргізушісі қамалған. Тергеушілер бұл іске қатысы бар болуы мүмкін деген өзге тұлғаларға қатысты тексеру бастаған.

Другие новости

Back to top button