Социум

Төреғали Төреәлі Көлсайда гидті соққыға жықты деп айыпталды(ВИДЕО)

Желіде аталған оқиғаға қатысты видеолар тарады

Желіде белгілі әнші Төреғали Төреәлінің Көлсай көлі маңында гидті соққыға жыққаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Видеодағы ақпаратқа сүйенсек, 28 қыркүйектегі оқиғаға Көлсай көліне демалуға барғандар куә болған.

«Төреғали Төреәлі біздің гидімізке еш себепсіз қол жұмсап, соққыға жықты», – дейді оқиға куәгерлері.

Әлеуметтік желіде тараған өзге де видеолардан әншінің гидке жақтырмай қарағаны үшін соққыға жыққаны айтылады.

Аталған дерекке қатысты қазірше құқық қорғау органдары мен Төреғали Төреәлі тарапынан еш мәлімет берілген жоқ.

 

Другие новости

Back to top button