ГлавноеГосорганы

Тоқаевтың сұхбаты CCTV телеарнасынан көрсетіледі

Сұхбат Президенттің ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында алынған

Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама. Бұған дейін аталған бағдарламаға 20-дан астам мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген.

Другие новости

Back to top button