ГлавноеГосорганы

Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімі тікелей эфирден көрсетіледі

Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады

26 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

«Ертең, 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтті. Оған алты үміткер, оның ішінде қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2022 жылғы 22 қарашада ведомство отырысында елдегі президент сайлауының түпкілікті нәтижелерін жариялады. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оған 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген.

Другие новости

Back to top button