ГлавноеГосорганы

Тоқаевтың сайлауалды штабын Ерлан Қошанов басқарады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабын Ерлан Қошанов басқарады. Бұл туралы Халықтық коалицияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Халықтық коалиция мүшелерімен консультация нәтижелері және кандидатпен келісім бойынша Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау республикалық қоғамдық штабының басшысы болып Ерлан Қошанов бекітілді», — деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сәуірде Amanat партиясының төрағасы болып сайланды.

 

Другие новости

Back to top button