Госорганы

Тоқаевтың сайлауалды берген уәдесі: Су кодексі Қазақстандағы су жетіспеушілігін шешуге көмектесе ме?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды әрі кешенді «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарлама ұсынған еді. Президент сайлауалды бағдарламасында Су ресурстарын ұтымды пайдалануға, қоғауға және тазартуға бағытталған жаңа Су кодексінің қабылдануын қамтамасыз етеміз деді. Осыған орай, Stan.kzтілшісі мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинмен сұхбаттасып, кодекстің орындалу барысы жайында сұрады.

Мәжілістің экология мәселелері және табиғатты пайдалану мәселелерінің төрағасы Еділ Жаңбыршин су тапшылығын шешу мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей қатысты екенін айтады.

“Қазіргің таңда бізде су потенциалы бар. Әр түрлі деректерге байланысты 102 км кубта су қоры бар деп айтылады. Жалпы су қоры мұздықтар мен жер астында да бар. Бірақ олардың бәрі болғанымен, біз оларды дұрыс басқармасақ болашақта су тапшылығына ұшыраймыз. Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ – ред.) 2050 жылға қарай әлемдегі әрбір төртінші адам су тапшылығына ұшырайды екен. Сондай-ақ бұдан кейін сұрапыл соғыстардың барлығы су үшін болады дейтін де әңгімелер айтылады. Осы тұрғыда біз суды заңдық негізде реттеуді жолға қоюымыз керек”, – деп бастады сөзін депутат.

Еділ Жаңбыршиннің еліміздегі су тапшылығын шешу және болдырмау мәселелері жайлы тағы не айтқанын сұхбаттан толық көре аласыздар.

Другие новости

Back to top button