Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тиісті жарлыққа президент қол қойды.
Айта кетері, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі қызметіне 2022 жылғы 11 шілдеде келді. Ал 2022 жылғы желтоқсанда осы лауазымға қайта тағайындалды.
Ұлытау облысына әкім болып барғанға дейін ол бір жарым жылдай Мәжіліс депутаты болған.