ГлавноеГосорганы

Тоқаев Үкімет басшысына энергетикалық активтерді мемлекетке қайтаруды тапсырды

Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған

Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді.

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

«Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр.

Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Тұрғындарға тиісті көмек беріледі. Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қиындық тудыруға және олардың құқын аяқасты етуге жол беруге болмайды.

Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, 27 қарашада Екібастұз қаласында жылу қазандығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

Энергетика министрлігі жылу құбырларының 70%-дан астамы тозып кеткенін хабарлады.

Қазір қалада төтенше жағдай жарияланды.

Другие новости

Back to top button