Госорганы

Тоқаев Сингапурдың үшінші премьер-министрімен кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың үшінші Премьер-министрі, аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Ақорда хабарлағандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуді пайдалана отырып, Ли Сянь Лунды Сингапурдың аға министрі қызметіне кірісуімен құттықтады. Президент ел басшылығының үшінші буыны теңдікке, меритократияға, тиімді басқару мен әлеуметтік үйлесімділікке негізделген табысты әрі ұшқыр ойлы ұлт қалыптастыру секілді Ли Куан Ю мұрасының озық үлгісін сақтап, дамытып келе жатқанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сянь Лунның 20 жыл ішінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы жан-жақты серіктестікке айтарлықтай үлес қосқанын әрі еліміздің шынайы досы екенін айтты. Ли Сянь Лун екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, Сингапур Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниетті. Кездесуде сауда-экономика, инвестиция, қаржы, көлік-логистика және гуманитарлық салалардағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті бағыттары жан-жақты қарастырылды.

Другие новости

Back to top button