Спорт

Тоқаев шахматтан әлем чемпионатының жүлдегері болған Динара Сәдуақасованы құттықтады

Президент осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен Динара Сәдуақасованы құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті», — делінген хабарламада.

Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.

Айта кетсек, Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында Динара Сәдуақасова күміс жүлдегер атанды. Блиц және рапидтен биылғы әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы қытайлық Тан Чжунгиден жеңіліп қалды. 11 турдың қорытындысы бойынша екі шахматшы да 8,5 ұпайдан жинады.

Другие новости

Back to top button