ГлавноеГосорганы

Тоқаев Сатыбалдыны жаңа қызметке тағайындады

Түркістан облысын басқарған әкім енді қызметін президент әкімшілігінде жалғастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

САТЫБАЛДЫ ЖАЙЛЫ

Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда туған. Қазақ, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер.

Премьер-министр кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. Сенатор болған. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Другие новости

Back to top button