Главное
Тоқаев Сәтқалиевтің тағы бір орынбасарын тағайындады

Бүгін, 28 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкімімен Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Енді Ғұмар Серғазин осы агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқәлиевтің орынбасары лауазымына кіріседі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», — деп хабарлайды Ақорда.
Өткен аптада Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының екі орынбасары тағайындалған еді.